Мектебімізде 26.05-17.06.2022ж. аралығында Жазғы мектеп ұйымдастырылады.
1-10 сыныптар арасында 10 топ жұмыс жасайды;
Әр топ 25 оқушыны қамтиды;
Білім алушылардың ата-аналарынан/заңды өкілдерінің өтініштері негізінде оқушылар қабылданады;
Жазғы мектепте оқушылардың оқу жетістіктеріне бағалау жүргізілмейді;
Жазғы мектеп жағдайында үй тапсырмасы берілмейді;
Жазғы мектепте білім алушылар үшін еркін киім киюге рұқсат етіледі;
Сабақтар дүйсенбіден жұмаға дейін болады;
Жазғы мектептегі сабақ сағат 9.00-13.00 аралығында болады;
1-4 сыныптарда математика, қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілдері, 5-6 сыныптарда математика, қазақ тілі мен әдебиеті, жаратылыстану, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, 7-10 сыныптарда физика, химия, биология, география, алгебра пәндерінен білім беріледі.
Әр жұма сайын психологиялық тренингтер, музыка, спорттық іс-шаралар жүргізіледі;
Ата-аналардың өтініштері 10.05.2022ж. бастап қабылданады. (Өтініші әр сыныптың сынып жетекшілері қабылдайды.)
20.05.2022ж. Жазғы мектеп топтарының сабақ кестесі, қатысушыларды ұйымдастыру тәртібі, оның шарттары мен міндеттері қосымша хабарланады.