Костанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Ғ. Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектепалды даярлық «А» және «Ә» сыныптарында тәрбиешілер Ерғалиева Г.М. мен Жылқайдарова Г.М. ұйымдастыруымен «Мамандыққа алғашқы қадам» тақырыбы аясында «Математика әлеміне саяхат» атты танымдық ойын - сабағы өткізілді.
Сабақтың мақсаты - білім алушыларды 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру, заттық - құралдық көрнекіліктерді пайдалану арқылы «Қанша?» және «Нешінші?» сұрақтарын ажырата білуге үйрету, қойылған сұрақтарға дұрыс, нақты жауап беру дағдыларын қалыптастыру.
Іс - шара барысында балалардың логикалық ойлауын дамытуға, математикалық түсініктерін тереңдетуге және танымдық қызығушылықтарын арттыруға бағытталған түрлі ойындар мен тапсырмалар қолданылды.

