Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

«Мамандықты дұрыс таңдау» тақырыбында 11-сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде «Мамандықты дұрыс таңдау», қорытынды аттестаттау, «ҰБТ-2024» өзгерістері туралы тақырыптар қозғалды. Мектеп директоры Молдахаликов А.Н. сөз алып, ата-аналарға түлектердің үлкен өмірге дайындығы туралы, мектеп мұғалімдері барынша өз көмектерін беретінін жеткізді. «Достық» білім беру орталығының мамандары келіп, ата-аналарға ҰБТ туралы толық ақпарат берді. Тапсыру кезеңдері, тыйым салынған заттар, мамандықтар, бөлінетін мемлекеттік гранттар, мамандық таңдауда бағыт беру, сынама тестілеулер өткізу туралы ақпараттар берді. Директордың оқу жөніндегі орынбасары Байкадамова А.С. қорытынды емтихан, өткізу ережесімен таныстырды. Мектеп түлектерінің соңғы 3 жылдағы таңдаған мамандықтары, ұтқан мемлекеттік гранттары туралы мәлімет айтты. Мектеп психологі Алимова М.Б. ата-аналарға балаларына тілектер айтқызып, ата-анамен баласы арасындағы қарым-қатынас туралы тренинг өткізді.