Кәсіби бағдар аясында 9-сынып оқушыларымен «Мамандықтар әлемі» тақырыбында әңгімелесу жұмыстары жүргізілді.
Әңгімелесу барысында оқушылар әртүрлі мамандықтар туралы мәлімет алып, болашақ мамандықты саналы түрде таңдаудың маңызын түсінді.
Сонымен қатар оқушылар Қостанай өңіріндегі оқу орындарымен танысып, сол оқу орындарында оқытылатын мамандықтар туралы ақпарат алды. Бұл танысу балаларға келешек жолын айқындауға және өзін қызықтыратын бағытты таңдауына үлкен көмегін тигізді.
«Адал азамат» тұжырымдамасы аясында адал еңбек, кәсіби этика, жауапкершілік пен қоғамға пайдалы болу мәселелері де сөз болды.
Бұл әңгімелесу жұмыстары мен танысу шаралары оқушылардың қызығушылығын арттырып, өз қабілеттерін бағалауға және болашаққа нақты мақсат қоюға бағыт берді.

