29.12.2023
"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізілуде. Осы орайда биылғы оқу жылында кезекті аттестаттаудан өтетін мектеп мұғалімдеріне «Мұғалімдерді аттестаттау ережелері мен шарттары» жобасы таныстырылды. Қолданыстағы ережелер мен 2024 жылдың көктеміндегі келесі сертификаттау кезеңінде күшіне енетін жаңа жоба арасындағы айырмашылықтарға баса назар аударылды:
Пәндік білім – 100 тапсырма
Оқыту әдістемесі, ЭССЕ алынып тасталады.
Біліктілік санатын беру кезінде барлық педагогтер тестілеу рәсімінен өтеді.
Мұғалімдер тестілеу рәсімінен өте алады: білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен кестеге сәйкес жыл ішінде Күнтізбелік жылда 2 рет: 1 рет тегін, 1 рет – ақылы негізде.
Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауға арналған педагог материалдары платформада (жұмыс істегеннен бастап) педагог қызметінің бағыттары бойынша құжаттарды (мәліметтерді) әр түрлі дерекқорлардан: білім алушылардың үлгерімі мен оқыту сапасы; білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және педагогтердің конкурстардағы, олимпиадалардағы, жарыстардағы, чемпионаттардағы жетістіктері; тәжірибе жинақтау (трансляциялау), әдістемелік материалдар, педагогикалық қоғамдастық, біліктілікті арттыру құжаттары салынады.
ПЛАТФОРМАДА НЕ СҰРАЛАДЫ: ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ
1. Жеке мәліметтер(Білімі, жұмыс орны, пәні, жұмыс өтілі, санаты, тестілеу нәтижесі)
2. Оқыту сапасының мониторингі(Білім сапасының нәтижелері. МОДО нәтижелері)
3. Тәжірибені бақылау(Сабақты бақылау парақтары / сабақтар / іс-шаралар)
4. Білім алушылардың (тәрбиеленушілердің)жетістіктері (Олимпиадаларға, жарыстарға, конкурстарға қатысу куәлігі (сертификат, грамота, диплом, алғыс хат)
5. Мұғалімнің жетістіктері (Олимпиадаларға, жарыстарға, конкурстарға қатысу куәлігі (сертификат, грамота, диплом, алғыс хат)
6. Жалпылау (трансляция) үздік педагогикалық тәжірибелер (Жалпылау, тарату куәлігі (сертификат, хаттама, бұйрық) , шығармашылық (сараптамалық, жұмыс) топтарға қатысу куәлігі (оқу-әдістемелік кеңестің хаттамасы)
7. Аттестаттауға өтініш (Тестілеуге өтініш, Аттестаттау комиссиясының шешімі)
Педагог қызметінің бағалау критерийлері мен тиімділік көрсеткіштеріне, педагог практикасын бағалау парағы, оңайлатылған тәртіп бойынша педагогтерге біліктілік санатын беру тәртібі, педагогтың үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы, сол платформаға қажетті баллды жинау талаптары толығымен түсіндірілді. Мұғалімдердің дайындығы бақыланды. Портфолио, оқушы, мұғалім жетістігі, озық тәжірибе тарату, шығармашылық топта жұмыс жасау құжаттары қаралып, әдістемелік көмек берілді.