Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Сәуір айының 13-і күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Ғафу Қайырбеков атындағы №9 ЖББМ коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ұлттық рухани жаңғыру» және «Үндестік жобасын» жүзеге асыру мақсатында «Абайдың қара сөздері « Ұлттық рухани жаңғыру» бағдарламасының қайнар көзі» тақырыбындағы қалалық дөңгелек үстел басындағы кездесу іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты Абай қара сөздерінің мән-мағынасын терең ашу, ұлттық болмысқа, тәлім-тәрбиеге қатысты тағылымдық ой-толғамдарын жастардың санасына кеңінен дәріптеу;

Іс-шараға Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері, ардагер ұстаз, Ыбырай Алтынсарин мектебінің директоры болған Көпеш Беген Қаженұлы, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры Абсадық Алмасбек Ахметұлы, Қостанай қаласы білім бөлімінің «Ұлттық рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырушы әдіскері Иманкулов Ермек Асқарұлы, Қостанай қаласы білім бөлімінің әдіскері Жумагулова Жанар Дүйсенбаевна және білім беру ұйымдарының ұстаздары мен оқушылары қатыстырылды.

Дөңгелек үстелге арнайы шақырылған қонақтар Абай қара сөздеріндегі философиялық ой-толғамдары жайында тың ақпараттарымен бөлісті. Артына өлмейтін мұра қалдырған ұлы Абай данышпанымызға арналған Абайдың қара сөздері «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қайнар көзі» тақырыбындағы дөңгелек үстел басындағы кездесу өте тағылымды, мазмұнды болды.