Қазақ халқының қолөнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Ұлттық киім мен әшекей бұйым ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай келе жатқандығы нұр үстіне нұр. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол- біздің ұлттық мәдениетіміз. “Ұлттық нақыш” челленджін ұйымдастырудың да басты мақсаты ұлттық мәдениетті жаңғырту болатын. Бұл челленджге оқушылар мен мектеп ұжымының толықтай дерлік қатысқаны қатты қуантады.