Мектебімізде 10-11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау мен Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сынағына дайындық жұмыстары жылдағы дәстүрмен тағы басталды. Сынама тестілеулер бір ай қағаз түрінде, келесі ай электронды түрде жүргізіліп отырады. Мақсаты: оқушылардың білім деңгейлерін жақсарту, психологиялық дайындықтарын арттыру. Сынама тестілеуден кейін оқушылар қатемен жұмыс жасап, жауаптарына талдау жасайды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Байкадамова А. С. оқушылармен мамандық таңдауда, бейіндік пәндерді таңдауда түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізіп отырады.
Құрметті, 10-11-сынып оқушылары Асель Серікқазықызынан кез-келген уақытта керекті, маңызды ақпараттар мен кеңес ала-аласыздар. 27 кабинет.