Бүгін бізде үлкен той, үлкен мереке. Экс министр Асхат Аймағамбетовтың уәде еткеніндей Әліппе 2021 жылы өздеріңізге жақсы таныс, қазақ тіліне бейімделген Ахмет Байұрсыновтың әдістемесі негізінде енгізілді. «Әліппемен қоштасу» тойы болмағанына 7 жылдың көлемі болыпты. Әліппені ұстаздар қауымы ғана емес ата-аналар да сағынған екен.
Кішкентай бүлдіршіндер қыркүйек айында мектеп табалдырығын қуанышпен әрі жүрексіне аттап келгенде, алғаш қолдарына ұстаған оқулығы «Әліппе» болса, бүгінгі күн сол әліппені аяқтап, білім асуының алғашқы белесінен асып отыр. Әрине, бұл балалар үшін жетістік, жеңіс! Әліппе – бұл бүкіл ғылымның алғашқы есігі, білім шыңына бастайтын алғашқы соқпақ. Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін өз тілін оқып үйренуге оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын әліппе оқулығы. “Әліппе” бітіру алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Өз кезегімізде біз де сол белестің бірінен астық. Осы «Әліппеге мың алғыс» мерекесіне Ғ. Қайырбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінің 1 сынып оқушылары мен ата – аналар қауымы белсене қатысты. Мереке барысында оқушылар келген ата – аналар мен қонақтарға өз білімдерін, өнерлерін, қызықты ойындарын көрсете білді. Өз тарапымыздан саналы, әрі тәрбиелі оқушыларымыз үшін ұстаздарға, ата – аналарға алғысымызды білдіреміз. Және де ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді жетелей білген 1- сынып жетекшілері Жакаева А.Б., Досанова Г.Н., Ергалиева М.А., Валиева М.К. ұстаздарымызды бүгінгі тарихи күнмен құттықтап, еңбектеріне жеміс тілейміз.
26.12.23 жыл
https://www.instagram.com/reel/C1UoHXUth7f/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/C1UoG43NlD6/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/C1UoSibteYY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/C1U_H_dtmFQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==