Латынға көшу жоспарына сәйкес қаңтар айында Латын әліпбиі – біздің өмірімізде тақырыбында «Жасұлан» өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерінің қатысуымен оқушылардың латынға көшу пікірлерін, оқу сауаттылығын бақылау мақсатында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 2-11 сынып оқушылары қатыстырылды. Нәтижесінде оқушылардың латынға көшу жобасын қолдайтынын, Қазақстанның болашағын жасауға өз үлестерін қосуға дайын екенін, қойылған сұрақтарға нақты жауап бере алатындары байқалды.
Эксперимент алаңының жетекшісі Ергалиева М.А.