15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай 9 “А” сыныбында “Отбасы - бақыт мекені” тақырыбында сынып сағаты өтті. Іс-шара барысында оқушылар отбасы туралы ойларымен бөлісіп, шағын көрініс қойып, фотоколлаждар мен эсселер арқылы өз отбасыларына деген сүйіспеншіліктерін жеткізді.
Сынып сағаты оқушылардың отбасылық құндылықтарды бағалауға, бір - біріне деген құрмет пен мейірімділікті арттыруға бағытталды. Әр оқушы өз отбасы - тірегі мен мақтанышы екенін тағы бір мәрте түсінді.
Отбасы - бұл махаббат, сенім және қолдау мекені!