Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Бүгін ақын мұражайында "Кеудемді кернейді бір сағыныш...” тақырыбында арқалы ақын Ғ.Қайырбековті еске алу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Маткеева У.К.ұйымдастыруымен 11-сынып оқушыларымен бірлесе дөңгелек үстел болып өтті.Маткеева У.К.мұражай туралы,ішіндегі экспонаттар тарихына шолу жасады.Сөз кезегін алған оқушылардың бірі ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыса,екіншілері ақынның әдебиеттегі орнымен қатар,өмірдегі азаматтығы,кішіге үлгі көрсете білген ұлағатты ұстаздығы,ақжарқын ағалығы жайында әсерлі әңгімелеп берді.Кеш соңында ақынның сөзіне жазылған Ш.Қалдаяқовтың "Ана туралы жыр"әнін оқушылар түгел шырқай жөнелгенде мұражай төрінде тұрған портреттегі ақын жүзінен ризашылық нұры төгілгендей болды.