Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық бастамасы аясында салынған заманауи білім ордалары - еліміздің болашағына бағытталған стратегиялық маңызды жоба. Бұл мектептер қазіргі заманның талаптарына сай, озық білім беру технологияларымен, цифрлық инфрақұрылыммен және инновациялық оқу әдістемелерімен жабдықталған.

