Іс-шараның мақсаты – әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және отбасылық құндылықтарды дәріптеу.
Сайыс барысында әкелер мен балалар түрлі спорттық эстафеталар мен қызықты тапсырмаларға қатысып, өздерінің ептіліктерін, шапшаңдықтарын және ұйымшылдықтарын көрсетті. Қатысушылар көтеріңкі көңіл күймен жарысып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, І, ІІ, ІІІ орын иегерлері дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс хаттар табысталды.
Барша әкелерімізге зор денсаулық, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілейміз!

