Мектебімізде «Кәмелетке толмағандарға қатысты аутодеструктивті мінез - құлық пен зорлық - зомбылықтың алдын алу» тақырыбында кеңейтілген ата - аналар жиналысы өтті.
Іс - шараның мақсаты - ата - аналардың балалардың психоэмоционалдық жағдайына байланысты қауіптер туралы хабардарлығын арттыру, дабыл белгілерін уақытында тануға үйрету және қауіпсіз, қолдау көрсететін отбасылық орта құруға жағдай жасау.
Алдымен мектеп директоры Молдахаликов А.Н. жиналған ата - аналарды күн тәртібімен таныстырып, жиналыстың маңызды тақырыбын жариялады.
Бұдан кейін мектеп педагог - психологы Алимова М.Б. теориялық бөлімді баяндады, сондай - ақ метеп педагог - психологы Сейітжанова Т.Н. ата - аналарға қызықты практикалық бөлімді өткізді.
Ата - аналар алдында әлеуметтік педагог Ерлібекқызы Т. тұрмыстық зорлық - зомбылықтың алдын алу бөлімін баяндады.
Ата - аналар жиналысында қарастарылған мәселелер:
- Жасөспірімдердегі аутодеструктивті мінез - құлықтың себептері мен ерте белгілері;
- Баланың эмоционалдық жағдайын қолдау әдістері;
- Отбасында сенімді қарым - қатынасты орнату;
- Отбасындағы және мектептегі зорлық - зомбылықтың әртүрлі түрлерінің алдын алу;
- Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн - тәуекелдермен жұмыс істеу;
Қиын өмірлік жағдайға тап болған жасөспірімге алғашқы психологиялық көмек көрсету алгоритмі.
Ата - аналар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойды, тәжірибе бөлісті және практикалық ұсыныстар алды. Кездесу жылы атмосферада өтіп, қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды және оң пікірлерін білдірді.
Мұндай іс - шаралар отбасы мен мектептің өзара іс - қимылын нығайтуға көмектеседі, ата - аналардың психологиялық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді және балалардың қауіпсіздігі мен әл - ауқатын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

