Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Мектебімізде «Кәмелетке толмағандарға қатысты аутодеструктивті мінез - құлық пен зорлық - зомбылықтың алдын алу» тақырыбында кеңейтілген ата - аналар жиналысы өтті.

Іс - шараның мақсаты - ата - аналардың балалардың психоэмоционалдық жағдайына байланысты қауіптер туралы хабардарлығын арттыру, дабыл белгілерін уақытында тануға үйрету және қауіпсіз, қолдау көрсететін отбасылық орта құруға жағдай жасау.

Алдымен мектеп директоры Молдахаликов А.Н. жиналған ата - аналарды күн тәртібімен таныстырып, жиналыстың маңызды тақырыбын жариялады.

Бұдан кейін мектеп педагог - психологы Алимова М.Б. теориялық бөлімді баяндады, сондай - ақ метеп педагог - психологы Сейітжанова Т.Н. ата - аналарға қызықты практикалық бөлімді өткізді.

Ата - аналар алдында әлеуметтік педагог Ерлібекқызы Т. тұрмыстық зорлық - зомбылықтың алдын алу бөлімін баяндады.

Ата - аналар жиналысында қарастарылған мәселелер:

Жасөспірімдердегі аутодеструктивті мінез - құлықтың себептері мен ерте белгілері;

Баланың эмоционалдық жағдайын қолдау әдістері;

Отбасында сенімді қарым - қатынасты орнату;

Отбасындағы және мектептегі зорлық - зомбылықтың әртүрлі түрлерінің алдын алу;

Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн - тәуекелдермен жұмыс істеу;

Қиын өмірлік жағдайға тап болған жасөспірімге алғашқы психологиялық көмек көрсету алгоритмі.

Ата - аналар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойды, тәжірибе бөлісті және практикалық ұсыныстар алды. Кездесу жылы атмосферада өтіп, қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды және оң пікірлерін білдірді.

Мұндай іс - шаралар отбасы мен мектептің өзара іс - қимылын нығайтуға көмектеседі, ата - аналардың психологиялық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді және балалардың қауіпсіздігі мен әл - ауқатын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.