1 қазан – Қарттар күніне орай 5 «Ә» сынып оқушылары аяулы ата-әжелеріне деген ыстық ықыластары мен шексіз алғыстарын білдіріп, «Қарттарым – асыл қазынам!» челленджін ұсынады.
Ата мен әже – отбасының берекесі, ұрпақтың ақылшысы, мейірім мен даналықтың қайнар көзі. Олардың ақ батасы мен өнегелі өмір жолы – біз үшін баға жетпес қазына.
Қымбатты ата-әжелер, дендеріңізге саулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз! Әрдайым немере-шөберелеріңіздің қызығын көріп, ортамызда аман жүре беріңіздер!
Қарттар күні құтты болсын!

