Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында
9-сынып оқушыларымен бірге Қостанай автомобиль көлігі колледжіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушылар колледждің білім беру бағыттарымен, материалдық-техникалық базасымен және автомобиль көлігі саласына қатысты мамандықтармен танысты.
Колледж өкілдері оқушыларға оқу шарттары, мамандықтардың ерекшеліктері, болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен кәсіби даму жолдары туралы толық ақпарат берді. Практикалық оқу кабинеттері мен өндірістік шеберханалар көрсетіліп, техникалық бағыттағы мамандықтарға қызығушылық арттырылды.
Аталған іс-шара оқушылардың болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар беріп, кәсіби өзін-өзі анықтауына оң әсерін тигізді.

