Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында 9-сынып оқушылары Қостанай жоғары политехникалық колледжіне экскурсия жасап қайтты.
Экскурсия барысында оқушылар колледждің оқу үдерісімен, заманауи мамандықтарымен, зертханаларымен және материалдық-техникалық базасымен танысты. Колледж оқытушылары болашақ талапкерлерге мамандықтар бойынша толық ақпарат беріп, оқуға түсу ережелерімен бөлісті.

