Бүгін мектептің 9-сынып оқушылары Қостанай қызмет көрсету колледжі ұйымдастырған Ашық есік күніне қатысып қайтты.
Іс-шара барысында оқушылар оқу орнымен жан-жақты танысып, колледжде даярланатын мамандықтар туралы толық ақпарат алды. Сонымен қатар, оқытушылар өздерінің кәсіби жұмыстарын көрсетіп, шеберліктері мен тәжірибелерімен бөлісті.
Оқушылар мамандық иелерімен еркін сұхбаттасып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Бұл кездесу болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар берді.

