Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!
Сіздерді баршаңызға ортақ қуаныш пен үмітке толы Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Өтіп бара жатқан жыл әрқайсымыз үшін еңбекке, ізденіске және жетістіктерге толы болды. Ұстаздарымыздың қажырлы еңбегі, оқушыларымыздың білімге деген талпынысы, ата-аналардың қолдауы - мектебіміздің басты жетістігі.
Жаңа жылда баршаңызға мол денсаулық, отбасылық амандық, шығармашылық табыс пен жаңа белестер тілеймін. Әр күніңіз қуанышқа, әр ісіңіз сәттілікке толы болсын. Оқушыларымыздың білім жолындағы қадамдары нық, болашаққа деген сенімі берік болғай! Жаңа жыл әр шаңыраққа береке, бақыт және жақсылық әкелсін!
Ізгі тілекпен,
Мектеп директоры


