Сіздердің назарларыңызға 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау тәртібіндегі өзгерістерді ұсынамыз. Қостанай облысында 1 сыныпқа қабылдау 18 маусымнан 28 маусымға дейін, Павлодар және Атырау облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларымен бір мезгілде жүргізіледі. Сонымен қатар, 11 шілдеден 31 тамызға дейін құжаттарды маусым айында тапсыра алмай қалған ата-аналар үшін қабылдау жүргізіледі. Барлық туындаған сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласа аласыздар: 54-71-30 / 8 747 326 6517.

