Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!
Сіздерді ұлттық дәстүріміздің бірі - Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Көрісу күні - адамдардың бір-бірімен қауышып, амандасып, ақ тілектер айтып, сыйластық пен татулықты нығайтатын ерекше мереке. Бұл күн - мейірімділік пен ізгіліктің, бірлік пен бауырмалдықтың белгісі.
Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, шаңырақтарыңызға береке тілейміз. Мектебімізде әрдайым достық, ынтымақ және білімге деген құштарлық арта берсін!
Көрісу күні құтты болсын!

