2026 жылғы 3 сәуірде 9-сынып оқушылары кәсіби бағдар беру мақсатында Қостанай жоғары медициналық колледжіне экскурсияға барды. Экскурсия барысында оқушылар колледждің оқу процесімен, медициналық кабинеттерімен танысып, әртүрлі мамандықтар туралы ақпарат алды. Мұндай іс-шаралар оқушылардың болашақ мамандықты таңдаудағы құзыретін арттыруға бағытталған.

