Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

07.11 күні мектебімізде «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» ММ тіркеу және мемлекеттік қызмет көрсету секторларының бас маманы Нұртазина Кулаш Мырзахановнамен кездесу кеші өтті. Кездесуге мектебіміздің 10 - 11 сынып оқушылары қатысты.

Кездесудің мақсаты:оқушыларға мемлекеттік қызмет саласы туралы түсінік беру, бұл мамандықтың қоғамдағы маңызын таныстыру және жастардың бойында отансүйгіштік, жауапкершілік, әділдік сияқты қасиеттерді қалыптастыру.

Сонымен қатар, оқушыларды болашақта дұрыс мамандық таңдауға бағыттап, ел игілігі үшін еңбек етудің мәнін ұғындыру.