“Ең үздік сабақ” ашық сабақтар эстафетасы.
Қазіргі кезде оқушыларға экономикалық сауатты білім беретін пән-“география” деп айта аламын. География пәні бойынша 9 “А” сыныбында “Қазақстанның ішкі суларының түрлері” тақырыбында пән мұғалімі Айбасова Салтанат Айтбайқызы ашық сабақ өткізді.
Оқушылар 2 топқа бөлінді. 1 топ “Өзендер”,2 топ “Көлдер”. “Миға шабуыл” әдісі бойынша ауызша сұрақтар берілді. Оқушыларда айтылым дағдысы қалыптасқан. Топ басшы тағайындалып, бағалау парағы таратылды. Оқушылар диалогтік оқу және көмек тәсілін қолданды.
Дәптермен (БББ кестемен) жұмыс жасады. “Мұздықтар мен жерасты сулары” туралы мәлімет жазды. Кескін картамен жұмыс орындады. “Қазақстанның өзен, жер,су қоймаларын” түсірді.
Сабақты бекіту барысында 1 топ, 2 топ(сұрақ-жауап) әдісін жаңа форматта көрді. Оқушылармен кері байланыс жасалды. Сабақ соңында оқушылар бағалау парағын толтырды. Қосымша ақпарат “Су туралы” мақал-мәтел, ойлан тап мәтіндері айтылды. Оқушылардың білімдері бағаланды. Үй жұмысы берілді. Көп жылғы сабақ беру кезіндегі тәжірибем оқушылардың география сабағына деген сүйіспеншілігімен қызығу жоғары екендіктерін көрсетті