Көптен күткен сәт, көптен күткен күн. “Қазақ аруы - 2023” сұлулық пен ақыл сыналатын байқау өз мәресіне жетті. Бүгінге дейін өткізілген мастер-класстар мен белсенділіктер аруларымыздың бойындағы сенімділікті күшейтті.
“Фотоға түсу және дефиле”, “Хай хилс биі”, “қамыр жаю” және 3 түрлі стильде фотосессия өткен болатын. Барлық белсенділіктерді өткізуге мол септігін тигізген демеушілерге алғыс айтамыз
@jurekpin , @tolendiss ,@orynnbekova - фотоға түсу және дефиле
@abdulova_valeriya_kaleriya -хай хилс биі, @ulagat_restaurant -ұлттық ресторан, @aikumis_ja - әшекей бұйым,@royalflowers.kostanay - ең әдемі гүлдер әлемі
Осындай деңгейде өткен Қазақ аруында жеңіске жетіп, күміс тәжді иеленген 9 “Б” сынып оқушысы Еңбекова Дильназ.
I вице аруы-Әбдіқалық Нұрсая
II вице аруы-Қылышбаева Жанэль
III вице аруы- Мұхамеджан Аружан
Көрермен көзайымы- Амангельды Мадина
Талантты ару- Даулова Дильназ
Білімді ару-Шегебай Сабина
Сүйкімді ару- Махметова Камила
Сәнді ару-Сайран Мерейлі
Көркем ару-Башикова Камила
Кештің шымылдырығын ашқан биді әртүрлі спецэффектімен әрлеген Райымбек Кенжеғалиұлына (@nurzhan_studio_compactt) алғыс білдіреміз!
Барлық ару өз номинанттарына байланысты тиісті сыйлықтарын алды, және әр аруға @royalflowers.kostanay атынан ең керемет раушан гүлдерінен букеттер бұйырды.
Жеңімпаз 4 финалистке @lovelyskin_kst атынан корейлік косметикадан 4 бокс берілді. Бұл сыйлықтың соңы емес, және де 3 вице аруға @aikumis_ja атынан сертификаттар берілді.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Серіктестеріміз бен демеушілерімізге мың алғыс