Ғ.Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектебі 10 - 11 сынып оқушылары арасында өткізілген «Қаржылық қауіпсіздік» («Qarzhy Saqshysy») ойыны «Құқықтық тәртіп» аясындағы мазмұнды және әсерлі іс - шара болды.
Қаржылық қауіпсіздік пен өз активтерін қорғау - бүгінгі жастар үшін өте өзекті тақырып. Ойын оқушыларға тек қызықты ғана емес, сонымен бірге пайдалы ақпарат беріп, маңызды дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Ойын барысында қатысушылар өмірге барынша жақын түрлі жағдайларды шешіп, жауапты шешім қабылдауды, тәуекелді бағалауды, алаяқтық белгілерін ажыратуды және қаржылық қауіпсіз стратегияларды жасауды үйренді.

