Мектебімізде қарттар күніне орай “Қарияларға бас иеміз” тақырыбында
мерекелік кеш өткізілді. Кешке бірнеше жыл еңбек етіп, енді бейнетінің
зейнетін көріп отырған қарт ардагер ұстаздарымыз бен шаруашылық
жұмыстарын жүргізушілері қонақ болды. Кештің құрметті қонақтарына
арнап әсем әуендер шырқалып, қарттарымызға арналған игі тілектер
айтылып жатты.Мерекелік кеш соңында қарттарымыз да ұйымдастырушылар
мен 5-сынып жетекшілеріне өз алғыс, тілектерін білдірді .
Ардақты да, асыл қазынамыз - қарттарымыздың көңілдеріне қаяу түсірмей,
әрқашанда мерейлерін асқақтатып жүре берейік!