🔰2021-2022 оқу жылынан жалғасып келе жатқан тірек мектептердің сабақтастығы каникул уақытында жалғасты. Серіктес мектептер семинары «Іс-әрекетті зерттеу: тәжірибені жетілдірудің тиімді жолы» тақырыбымен №15 жббм, №9 жббм арасында тәжірибе алмасу жүргізілді.
🔰«Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ерекшелігі» ТЭД конференциясында математика пәнінің мұғалімі, тренер Кенжетаева Т.Т., бастауыш сынып мұғалімі Досбаева Г.Г., логопед Біләлова А.М. тәжірибелерімен бөлісті.
🔰«Оқу үдерісіндегі іс-әрекетті зерттеудегі әдіс- тәсілдер» тақырыбымен ұйымдастырылған тәжірибе алмасу алаңында бастауыш сынып мұғалімдері Досанова Г.Н., Якупова Н.А. әдіс тәсілдерді тиімді қолдану жолдарын ұсынып, әдістемелік жәрмеңкеге қатысты.