2025 жылдың 5 қарашасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде "Инженерлік Академияның" 2025 - 2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспары аясында өткізілген іс - шараға мектебіміздің 7 сынып оқушылары қатысты.
Фестивальдің мақсаты - инженерлік және техникалық бағыттарды танымал ету, оқушылардың инженерлік білімге қызығушылығын арттыру, сондай - ақ мектеп оқушыларын инженерия саласында ерте кәсіптік бағдарлау.

