28.02 күні Қалалық, Республикалық ынтымақтастық жұмыс түрі негізінде «Инклюзивті білім берудегі мұғалімнің ролі»(жас мамандарға арналған) тақырыбындағы семинар Ғ.Қайырбеков атындағы №9 жббм-нің мектебінде өткізілді. Жас мамандарға ерекше білімді қажет ететін
балалармен жұмыс түрін ұйымдастыруда әдістемелік көмек беру мақсатында ұйымдастырылды.
- Семинарда келесі тақырыптар қаралды: Инклюзивті білім беру қажеттілігі тақырыбында Арықбаева Ж. А; Ерекше білімді қажет ететін балалар тобымен жұмыс жүргізу жайында Маткеева У. К; Ерекше білімді қажет ететін балаларды бағалау бойынша Хамзина А. Ж; Ерекше білімді қажет ететін балаға тапсырма дайындау, беру жолдарына Л.Т.Маженовалар теориялық, практика жүзінде өткізді.
Қарағанды, Павлодар, Көкшетау қалаларының білім беру ұйымдарынан елуге жуық тіл мамандары онлайн форматта қатысып, бүгінгі таңда өзекті болып саналатын инклюзив тақырыбында өткізілген семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына, әріптестеріне жылы лебіздерін жазып қалдырды. Семинарды ұйымдастырған №115 жббм, С.Мәуленов атындағы гимназия, Ғ.Қайырбеков №9 жббм-нің тіл мамандары Л.Т.Маженова мен Ұ.Қ.Маткеевалар
Алғыс хатпен марапатталды.