20.12.2024 жылы «Ғафу ізімен» атты үйірме жұмысының І жарты жылдық нәтижесін қорытындылау, Ғафу Қайырбековтың шығармашылығын насихаттау мақсатында сыныбымызда «Ғафу атама арнаймын» атты әдеби танымдық сайыс өткізілді.
Сайысқа оқушылармен бірге ата-аналар да қатысты. Алғашқы кезеңде оқушылар Ғафу атамыздың өлеңдерін мәнерлеп оқудан жарысты. Мәнерлеп оқуға оқушылардың тыңғылықты, жауаптылықпен дайындалғаны байқалды.
Келесі кезеңдерде «Ақын болғым келеді», «Айналмалы дөңгелек», «Қыстауға виртуалды саяхат», «Құпия сөздер» тапсырмаларын үлкен қызығушылықпен, белсенділікпен орындап, тиісті ұпайларын жинап отырды. Сайыс соңында әр оқушының барлық кезең бойынша жинаған ұпайлары саналып, есептелді.
Нәтижесінде 1-орын Зейнолла Алдияр, Есім Жанел, 2-орын Жунусова Айнура, Ахметбек Гүлназ, Рамазанов Айсултан, 3-орын Алиев Расул, Ибраев Алинур, Сәрсенбай Кәусар иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды. Жүлдегерлерді құттықтаймыз!!!
Сынып жетекшісі: Ерғалиева М.А.