Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ұшқыр Ой аясында «Гаджеттер рухани дамуға кедергі келтіреді» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға гаджеттердің пайдасы мен зиянын түсіндіру, олардың рухани дамуына әсерін талқылау болды.
Сабақ барысында оқушыларға гаджеттердің күнделікті өмірдегі рөлі туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар, телефон мен әлеуметтік желілерге тәуелділіктің адам ойлауына, кітап оқуға деген қызығушылығына және қарым-қатынас мәдениетіне кері әсер ететіні айтылды. Оқушылар екі топқа бөлініп, пікірталас форматында өз ойларын ортаға салды. Бір топ гаджеттердің білім алуға көмектесетінін дәлелдесе, екінші топ оның зиянды тұстарын көрсетті.
Қорытындылай келе, оқушылар гаджеттерді орынды пайдалану, уақытты жоспарлау және рухани дамуға көңіл бөлу қажеттігін ұғынды.

