2024 жылдың қазан айының 29-30 күндері, күзгі демалыс уақытында, оқушыларымызға Евразиялық ұлттық университеті білім беру бағдарламалары, факультеттері және мамандықтары туралы ақпарат берді. Бұл іс-шараның мақсаты - оқушылардың болашақ мамандығын таңдауда дұрыс бағыт алуына көмектесу және университет өмірімен танысу. Іс-шараға қатысқан оқушылар саны - 15. Оқушылардың қауіпсіздігі мен тәртібіне жауаптылар: 11 “А” сынып жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі Сулейменова Н.А мен ата-аналар комитетінің мүшесі - Искакова Н.К.
Іс-шара барысында бірінші Тамара Абжанқызына алғыс білдіреміз. Университеттің тарихын айтып, құшақ жая қарсы алды. Өте құнды ақпараттарымен бөлісті.
Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.21): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 429 Too Many Requests in /var/www/vhosts/mektep9.edu.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46