Оқу - ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің үздік педагогтерімен, ардагер ұстаздармен онлайн форматта кездесу өткізді. Ашық диалог алаңына айналған бұл жиын қазіргі білім беру жүйесіндегі және қоғамдағы мұғалімнің рөлін талқылауға арналды.
Кездесуге еліміздің барлық өңірінен 100 - ге жуық педагог қатысты. Олардың арасында «Қазақстанның Еңбек Ері», «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атақтарына ие ұстаздар да бар. Бүгінде білім беру саласында 5 «Еңбек Ері» мен 74 «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» еңбек етуде. Сонымен қатар жыл сайын өткізілетін «Үздік педагог» республикалық байқауының 700 - ден астам жеңімпазы бар.
Қазақстан педагог мәртебесін көтеру мақсатында түрлі мемлекеттік қаржылық қолдау тетіктерін енгізген санаулы елдердің бірі. Мемлекеттік марапат иегерлері, үздік педагогтер және шәкірті халықаралық олимпиадаларда үздік нәтиже көрсеткен мұғалімдерге 1000 АЕК көлемінде сыйақы қарастырылған.