Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

2025 жылдың 25 қыркүйекте Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі Қостанай қаласындағы Ғ.Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектебінде Жұмысшы мамандықтар жылы мен Еңбек күніне орай «Еңбек ер атандырар» атты шеберлік сағатын өткізді. Іс - шара барысында ҚР Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған Жолдауынан үзінді көрсетіліп, оқушылар еңбектің қоғамдағы орны мен маңыздылығы жайлы ой түйді. Сондай - ақ, оқушыларға Ұлы ағартушы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясы» кітабынан еңбек тақырыбындағы әңгімелеріне байланысты бейнематериалдар көрсетілді.

Шара барысында оқушыларға жұмысшы мамандықтарына байланысты викториналық сұрақтар қойылып, олардың білімдері мен қызығушылықтары сынға түсті. Іс - шараның арнайы қонағы, жас шебер Ақерке Дәулетқызы өз қолымен жасаған зергерлік әшекей бұйымдарын таныстырып, оларды жасаудың қыр - сырымен бөлісті. Сонымен қатар, шебер оқушыларға арнап шеберлік сағат өткізді.