Мектебімізде Жастар ресурстық орталығының қатысуымен «Денсаулық – сенің таңдауың!» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтының маңыздылығын түсіндіру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға шақыру және зиянды әдеттердің алдын алу.
Кездесу барысында оқушылар пайдалы ақпарат алып, мамандармен еркін пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Осындай кездесулер жас ұрпақтың саналы таңдау жасап, дені сау әрі белсенді өмір салтын ұстануына ықпал етеді.
Денсаулық – әр адамның өз қолында. Дұрыс таңдау – жарқын болашақтың бастауы!

