9 қазанда “Дарынды балаларды анықтау мен іріктеу, оқыту мен дамытуда жүргізілетін жұмыстар” тақарыбында облыстық вебинар өткізілді. (Қашықтық форматта) Вебинар мақсаты: педагогтердің кәсіби біліктілігін мектептегі дарынды оқушылармен жұмысы жағдайында дамыту үдерісінің ерекшеліктерін айқындау. Дарынды балалармен жұмыс тәжірибесімен директордың ғылыми - әдістемелік жөніндегі орынбасары Баймолдина А.Б., мектеп психологы Алимова М.Б., қазақ тілі мұғалімдері Скендирова Г.А., Досмаганбетова Ж.Т., математика пәні мұғалімдері Дауренбекова А.Т., Исмагулова К.А., орыс тілі пәні мұғалімі Тулегенова А.Ш., бастауыш сынып мұғалімі Якупова Н.А., тарих пәні мұғалімі Сулейменова Н.А., бөлісті. Директордың ғылыми - әдістемелік жөніндегі орынбасары Баймолдина А.Б. мектебіміздегі дарынды балалармен жұмыс жүйесіне тоқталып өтсе, мектеп психологы Алимова М.Б. дарынды балалармен жұмыс жасау ерекшеліктеріне тоқталды. Вебинарға Қостанай облысының білім беру ұйымдарының 20 педагогы қатысты.
- Жаңалықтар
- Білім туралы құжаттар
- Сабақ кестесі
- Мектеп асханасы
- ҚР мемлекетінің рәміздері
- Президенттің Жолдауы
- Мектеп туралы ақпарат
- Дарынды оқушылармен жұмыс
- Халықпен жұмыс істеу
- Жазғы мектеп
- Мемлекеттік қызмет
- Әдістемелік қызмет
- МДС
- Оқу күнтізбесі 2024-2025 оқу жылы
- Тәрбие жұмысы
- Әлеуметтік педагог
- Мемлекеттік аттестаттау


