7 - 11 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен «Жарқын болашақ» республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі. 2025 жылдың 17 қаңтарында мектебімізде 7 - 11 сынып оқушыларына арналған «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. Олимпиадаға біздің оқушыларымыз барлық бес бағытқа:
«Бейнелеушілер» - қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу.
«Білгірлер бәйгесі» - халық ауыз әдебиеті үлгілері бойынша сайыс.
«Жас қаламгер» - жазбаша шығармашылық жұмыс.
«Сөз шеберлері» - шешендік өнер, көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу.
«Әнші-бұлбұлдар» - ән айтуға қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. «Білгірлер бәйгесі»номинациясында Қасым Мадина 2 - орын, «Сөз шеберлері» номинациясында Бекбулатова Айдана 3 - орын алды.Жетекшілері:Маженова Л.Т. «Жас қаламгер» номинациясында Қуанышбай Нұрбек пен Козлова Валерия 1 - орынға ие болды. Жетекшілері: Байқадамова Ә.С., Скендирова Г.А. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!Олимпиада жеңімпаздарын дайындаған педагогтерге алғыс айтамыз.