Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

 Болашаққа бастар жарқын қадам - мектептен басталады! 
Мектебімізде балабақша тәрбиеленушілеріне арналған Ашық есік күні жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Болашақ оқушыларымыз мектептің тыныс-тіршілігімен танысып, заманауи сыныптарды, ойын және даму аймақтарын аралап, қызықты сабақтарға қатысты.
Білім мен тәрбие қатар жүретін, баланың қабілетін ашуға бағытталған орта – біздің мектептің басты құндылығы!

Осы шараға қолдау көрсеткен №6 және №17 балабақшалардың әкімшілігі мен тәрбиешілеріне үлкен алғысымызды білдіреміз!

Мақсаты:
– болашақ 1-сынып оқушыларын қазақ тілінде білім беретін мектебімізбен таныстыру;
– балалардың мектепке бейімделуіне жағдай жасау;
– ата-аналарға сапалы білім беру мүмкіндіктерін көрсету.

Құрметті ата-аналар!
Егер сіз балаңыздың білімді, тәрбиелі, өзіне сенімді тұлға болып қалыптасуын қаласаңыз – дұрыс таңдау жасаңыз. Біз әр баланың қабілетін ашып, үлкен өмірге нық қадам жасауына жол ашамыз.

Болашақтың табысты азаматын бірге тәрбиелейік!
Балаларыңызды қазақ тілінде білім беретін мектебіміздің 1-сыныбына қабылдауға шақырамыз!