Болашақ бірінші сынып оқушыларын мектеп өмірімен таныстыру мақсатында №14, №17, №6 балабақшаларда ата-аналармен кездесулер ұйымдастырылды. Аталған іс-шараны мектебіміздің 4-сынып мұғалімдері Нұржанова Ж.Т., Макенова Б.Н. және Сакаева Д.Е. өткізіп, мектеп туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мектепке дайындық, оқу үдерісінің ерекшеліктері талқыланды. Сабақтастық қағидатын негізге ала отырып, ата-аналар мен бүлдіршіндер 23 қаңтар күні өтетін «Қош келдің, балақай!» атты іс-шараға шақырылды.
Осы кездесуге белсенді қатысып, өз уақыттарын бөлген ата-аналарға және балабақша әкімшілігіне (№14, №17, №6) мектеп әкімшілігі атынан зор алғысымызды білдіреміз.
Ынтымақтастығымыз жалғаса берсін!

