"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Білімім – Отаныма" атты сынып сағаты өтті. Сынып сағаты барысында оқушылар білімнің адам өміріндегі маңызы, ел болашағы үшін білімді ұрпақтың рөлі туралы ой бөлісті. Оқушылар патриоттық рухта тәрбиеленіп, өз Отанын құрметтеуге, адал еңбек етуге шақырылды. Іс-шара барысында түрлі пікірталас, сұрақ-жауап және тәрбиелік тапсырмалар ұйымдастырылды. Сынып сағаты оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, елге қызмет етуге деген жауапкершілік сезімін нығайтты.

