15–17 сәуір аралығында Астана қаласында Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша халықаралық ғылыми жобалар байқауы өтті. Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен қатысушылар «Математика», «Қолданбалы математика», «Экономикадағы математикалық әдістер», «Механика» секциялары бойынша ғылыми жобаларын ұсынды. Осы байқауда мектебіміздің 11 «Б» сынып оқушысы, мектебіміздің мақтанышы Искаков Ануар "Математика" секциясы бойынша 3-орын иеленді!
Жетекшісі: Дауренбекова Айгуль Талгатовна
Бұл жеңіс — үлкен еңбектің, ізденістің және табандылықтың нәтижесі!
Жаңа белестерді бағындыра беріңіздер!


