Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Жаңа 2025–2026 оқу жылының басталуына орай мектеп ұжымының дәстүрлі педагогикалық кеңесінің бірінші отырысы өтті. Кеңестің басты мақсаты — өткен оқу жылын сараптап, жаңа оқу жылының басым бағыттарын белгілеу және тәрбие мен оқыту үдерісін жетілдіру.

КӨТЕРІЛГЕН БАСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР:

1 - Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман
Жаңа оқу жылындағы негізгі талаптар мен мектепішілік ұйымдастыру жұмыстары.
Оқушы тұлғасын қалыптастыруда құндылыққа негізделген оқыту мен тәрбие стратегиясы.

2 - 2025–2026 оқу жылына арналған Әдістемелік-нұсқау хатпен танысу
Негізгі басым бағыттар, бағалау жүйесі, пәндік мазмұндағы өзгерістер.
Академиялық адалдық ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары.

3 - 2025–2029 жылдарға арналған білім беру жүйесіне ЖИ (Жасанды Интеллект) енгізу тұжырымдамасы
ЖИ қолданудың этикалық стандарттары мен мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулық.
Орта білім беру мазмұнында цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану жолдары.

4 - “Адал азамат” тәрбие бағдарламасы аясындағы міндеттер
Құндылыққа негізделген тәрбие бағыттары.
Бағдарлама аясындағы тәрбие жоспары мен құжаттық база.

5 - 2024–2025 оқу жылының қорытындысы

6 - 2025–2026 оқу жылына арналған оқу жүктемелері мен жұмыс жоспарларын бекіту
Вариативті курстар мен үйірмелердің мазмұны, жүктеме кестелері.
Сабақ кестесінің жобасы және педагогтердің әдістемелік бірлестіктердегі міндеттері.

Педагогикалық кеңес — мектеп дамуының стратегиялық қадамын айқындайтын маңызды алаң. Жаңа оқу жылында біздің мақсатымыз – білім мен тәрбие сапасын жаңа деңгейге көтеру, адал, білімді, жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу.