Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

2025 жылдың 28 қаңтары күні Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ғ. Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектебінде «Бастауыш сыныпты оқытуда жасанды интеллект және цифрлық құралдар қолдану мүмкіндіктері» тақырыбында қалалық семинар-практикумы өтті.
Мақсаты: жасанды интеллекттің заманауи білім берудегі цифрлық құралдарын тиімді пайдалану.
Семинарды бастауыш сыныптардың әдістемелік жетекшісі Джусупбекова Г.Т. ашты, мектеп психологы Алимова М.Б. «Эмоционалды құзыреттілік: табысты білім беру ортасын қалай құруға болады» тренингін өткізіп, 4 бастауыш сынып мұғалімі ашық сабақ берді. 1 «А» сынып жетекшісі Ауезханова М.Ж. математика пәнінен «Есептер шығару», 2 «В» сынып жетекшісі Валиева М.К.математика пәнінен «Бөлу амалының компоненттері арасындағы өзара байланыс», 3 «Б» сынып жетекшісі Сакаева Д.Е. қазақ тілі пәнінен «Негізгі және туынды зат есім», 4 «Б» сынып жетекшісі Баймухамбетова Ж.К. әдебиеттік оқу пәнінен «Адамның табиғатқа бейімделуі. Баспана» атты ашық сабақтарын өткізді. Ашық сабақтар өткізіліп болған соң, мектеп акт залында Умирзахова А.М. «Заманауи лайфхактар» , Түкібай Р. «3D Merge» келген қонақтарды жасанды интеллекттің қыр - сырымен таныстырып өтті.
Нуржанова Ж.Т., Қосназарова А.Р., Жумагулова Г.Б. «Жасанды интеллект көзімен» тақырыбында «Spearking club» және Якупова Н.А. «Global Kazakhstan» атты рефлексиясын өткізді. Семинардың соңы қалалық білім бөлімінің әдіскері Муканова Бибігүл Серікбаевнаның сөзімен аяқталды.
https://www.instagram.com/reel/DFZEEoIoxMy/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==