Бастауыш сыныптар апталығы аясында ерекше форматтағы «Екі жұлдыз» өнер байқауы ұйымдастырылды. Бұл байқау дәстүрлі түрде емес, креативті, жаңашыл бағытта өтті. Әр сынып өздерінің таланттарын ортаға салып, тың идеяларымен, жаңаша орындалған әндерімен көрермендерді тәнті етті.
Сахнада оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілігі, шығармашылық қабілеттері мен сахналық мәдениеті айқын көрінді. Жұп болып өнер көрсеткен қатысушылар бір-бірін қолдап, үйлесімділік пен достықтың үлгісін көрсетті. Әндер заманауи өңдеуде орындалып, би қимылдарымен, ерекше сахналық образдармен толықтырылды.
Көрермендер көтеріңкі көңіл күйде болып, әр сыныптың өнеріне зор қошемет көрсетті. Байқау балалардың шығармашылығын шыңдап қана қоймай, олардың өз-өзіне деген сенімін арттырып, сахна мәдениетін қалыптастыруға үлкен мүмкіндік берді.
Бұл «Екі жұлдыз» байқауы бастауыш апталығының ең жарқын, есте қаларлық шараларының бірі болды.

