Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

«Бастауыш - білімнің іргетасы. Жаңашыл ұстаз - цифрлы дәуірдегі бастауыштың жетекшісі» атты апталығымыз өз мәресіне жетті. 

Бұл апталық - бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін шыңдап, заманауи білім беру үдерісіндегі жаңашыл бағыттарды тәжірибемен ұштастыруға арналған маңызды алаң болды.Бүгінгі цифрлы дәуір - ұстаздан үздіксіз ізденісті, жаңашылдықты, кәсіби икемділікті талап етеді. Бастауыш сынып мұғалімі - баланың білімге деген алғашқы қадамын қалыптастыратын, оның тұлғалық дамуына негіз қалайтын жетекші тұлға.

Апталыққа белсенді қатысып, өз тәжірибесімен бөліскен барлық ҰСТАЗДАРҒА алғысымызды білдіреміз. Бірлесе атқарған жұмысымыз алдағы уақытта да жалғасын тауып, сапалы білім мен саналы тәрбиенің негізін нығайта беретініне сенімдіміз.

Баршаңызға шығармашылық табыс, мықты денсаулық және кәсіби жетістіктер тілейміз!