Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласы білім бөлімінің Ғ.Қайырбеков атындағы № 9 жалпы білім беретін мектебі” КММ-де “Барлығына қолжетімді сапалы білім” Ұлттық баяндамасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Оның негізгі элементтері:
- технологиялық және демографиялық сын-қатерлер жағдайында адами капиталдың сапасын арттыру;
- технологиялық, цифрлық жаңғырту, еңбек өнімділігі мен жұмыс орындарының өсуі үшін негіз құру;
- өзгерістердің белгісіздігі мен шапшаңдығы жағдайында қоғамның өміршеңдігін қамтамасыз ету.