«Балабақшадан мектепке» тақырыбымен №14 балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастық өз жалғасын тапты. Бұл — бүлдіршіннің балабақшадан мектепке қиындықсыз өтуін қамтамасыз ететін бірлескен жұмыс.
Аталған жұмыс аясында балабақша тәрбиешілері мен бастауыш сынып мұғалімдері тәжірибе алмасып, баланың мектепке деген қорқынышын сейілтуге, жаңа ортаға бейімделуіне көмектеседі.
Бұл жұмыстың басты мақсаты — балабақшадағы «ойын» әрекетінен мектептегі «оқу» әрекетіне сатылы әрі жүйелі түрде көшу.

